Рус

Жаңалықтар

«Өзенмұнайгаз» АҚ ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты шара өтті.

Жиынға «Өзенмұнайгаз» АҚ жұмысшылары қатарындағы Ауғанстанда және тәжік-ауған шекарасында соғысқа, Таулы Қарабақ қақтығысына қатысқан ардагерлер мен Чернобыль, Семей полигоны апатын залалсыздандыруға ат салысқан азаматтар арнайы шақырылып, құрмет көрсетілді.
– Өмір мен өлім ортасында азаматтық борышын өтеген сан мыңдаған жастың тағдырына көп өзгеріс әкелген де осы сұрапыл соғыстар. Сол кездегі өрімдей жастар біріміздің аға-бауырымыз, енді біріміздің әкеміз әскери антын өзге елде абыроймен атқарып, бүгінде жаужүрек жауынгерлеріміздің біразы ортамызда отыр. Өкінішке орай, Ұлы Отан соғысы ардагерлері арамыздан сиреп барады. Уақыт өткен сайын тарих томы қалыңдап, жауынгерлеріміздің ерлігі Ұлы Отан соғысының ардагерлері іспеттес кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге болары сөзсіз, – деді салтанатты шарада алғаш сөз бастаған қоғамның Әлеуметтік саясат және әкімшілік қамту департаментінің директоры Мұхамбетберді Суитов.
Сонымен қатар «Маңғыстаулық жергілікті мұнайшылар кәсіподағы» ҚБ өкілі Асқар Таңбаев қайсарлық пен ерліктің үлгісін көрсеткен ардагерлерге алғысын жеткізді.
Мерекелік шара қала өнерпаздарының әдемі концерттік бағдарламасына ұласты.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы