Рус

Жаңалықтар

Мұнай кен орындарында альб-сеноман қабаттарының суымен алмастыру жобасы жүргізілуде

«Өзен» және «Қарамандыбас» мұнай кен орындарында қабат қысымын сақтау үшін теңіз суын пайдаланатыны мәлім.
Бүгінде теңіз суы кен орнының кейбір аймақтарына кері әсерін тигізуде. Мәселен, скважиналардың жер асты жабдықтарының, яғни сораптардың, СҚҚ тұздануы (яғни минерализациясы жоғарылау), теңіз суының құрамында сульфатты жоғары бактериялар (СВБ), оған қоса оттегінің бар болуы іс жүзінде құбырлардың тотығып, апат салдарынан үзіліссіз тоқтауы өз кезегінде мұнай өндірудің төмендеуіне кері әсерін тигізуде.
Осы аталған жағдайларды ескере келе теңіз суынан бас тарту және операциялық шығындарды азайту мақсатында «Оңалту жобасы» (реабилитация) шеңберінде альб-сеноман суын алмастыру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда екі кезеңге жоспарланған құрылыстың бірінші кезеңінде – 16 су скважинасы жоспарға сәйкес өндіріске қосылған. Бүгінде бұл сораптар тәулігіне 1 500 куб су өндіреді.
2024-2025 жылдар аралығында 22 су ұңғымасын бұрғылау , іске қосу, өнімді пайдалану және альб-сеноман тоқ станциясының құрылысын толықтай аяқтау жұмыстары жоспарлануда.
Қазіргі таңда №4 Мұнай-газ өндіру басқармасы аумағында тереңдігі 580 метр болатын альб-сеноман су алғы скважинасы үшін бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме 20 метр тереңдікті бұрғылап, бағыттау тізбегін түсіріп, шегендеу жұмыстарын жүргізді. Бүгінде тиісті жұмыстар жалғасуда.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы