Рус

Жаңалықтар

9-мамыр - Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Құрметті мұнайшылар!
9-мамыр - Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Бұл күн – аға буынның жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жеңісі. Қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен қайтпас рух пен жалынды жігерлерінің жемісі.
Бейбітшілік жолында миллиондаған адам құрбан болып, біз бұл жеңісті қимас боздақтардың, әкелеріміз бен аталарымыздың өмірімен өтедік. Өкінішке орай, қан майданның қияметін бастан өткерген ардақты аға буынның қатары жыл өткен сайын сиреп барады.
Қадірлі соғыс және тыл ардагерлері!
Жеңісті жақындатып, сұрапыл соғыс салқынын алыстатқан ерлік пен еңбегіңіздің өтеуі болған қастерлі Тәуелсіздігіміз, мамыражай бейбіт күніміз үшін Сіздерге мың тағзым!
Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Елімізге тыныштық, әрбір шаңыраққа шаттық тілеймін!
Ізгі тілекпен, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Нұрдәулет Қилыбай

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы