Қазақстан үстел теннис федерациясының ұйымдастыруымен Астана қаласында маусымның 7-9 аралығында аталмыш спорт түрінен жарыс өтті.
Компания атынан қатысқан №1 МГӨБ қызметкерлері Есен Тайжанов, Лаура Айтжановалар жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Атап айтатын болсақ, небір мықты арасынан топ жарған Лаура Айтжанова І орынды иеленіп, чемпион атағын жеңіп алды. Есен Тайжанов IV орынды місе тұтты.
Жеңімпаздардың жеңісі құтты болсын.
«Өзенмұнайгаздың» мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатып жүрген әріптестерге көп рахмет айтамыз.