Рус

Жаңалықтар

Жас мамандар форумы

Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі Жас мамандар кеңесін жаңғырту мақсатында «Кендірлі» демалыс орнында 100-ге жуық жас маманды қамтып форум өткізді.

Шарада белсенді әрі игі істің бастаушысы болып жүрген әр мұнайшы жетістіктерін айтып, компанияның қоғамдық жұмысына араласу, ісін кәсіби тұрғыда дамыту бойынша кеңесін ортаға салды.

Жұмысшы жастардың басын біріктірудегі басты мақсат – олардың мүддесін білдіру, корпоративті рухты көтеру, ортақ мақсатқа жұмылдыру болып табылады.

Осыдан он жыл бұрынғы жас мамандар кеңесін құрушының бірі Ерлан Жұматов, «Көмек Жаңаөзен» қоғамдық қоры негізін қалаушы Ардақ Смағұловтар сөз сөйлеп, №3 МГӨБ-тің жайдарманшылары өнер көрсетті.

Корпоративті оқу орталығы қызметкері Бақытжан Мұхаммед Жас мамандар кеңесіне төраға болып сайланды.

Шегініс жасайтын болсақ, аталмыш кеңестің іргетасы 2013 жылдың наурыз айында қаланып, төрағасы Асқар Ноғаев болған.

Бірнеше жыл үзілістен соң қайтадан жалғасын тапқан кеңес алдағы уақытта Қоғамның әлеуметтік, өндірістік, мәдени-спорттық шараларына белсенді ат салысатын болады.

Бүгінде компания штатында 35 жасқа дейінгі 1700-ден астам жас маман еңбек етіп жүргенін айта кеткен де жөн болар.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы