Рус

Жаңалықтар

Құрметті медицина саласы қызметкерлері!

Медицина қызметкерлері кәсіби мерекесі құтты болсын.

Ауыр да маңызы көп салада күш-жігер мен төзімділік тілеймін.

«Бірінші байлық – денсаулық» демекші, тәнімізді емдеп, жанға шипа сыйлайтын ақ халатты абзал жандарға ұжым атынан шын жүректен алғыс білдіремін.

Қай кезде де сый-құрметке лайық жауапты кәсіпте мәртебеңіз арта берсін.

Компаниямен әріптестік байланысты жалғастырып, мұнайшыларды емдеу шарасын жоғары дәрежеде, сапалы түрде орындай беріңіз демекпін. Сіздердің жетістігіңіз біз үшін де үлкен қуаныш.

Тынымсыз еңбек етіп жүрген Сіздерге денсаулық, отбасы амандығын, бақ-береке тілеймін. Қоғамның сый-құрметіне бөленіп, қызметте табысқа жетіңіз! Шаңырағыңызда шаттық, бақ-береке орнасын!

Құрметпен, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Жанболат Саймағанбетов

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы