Рус

Жаңалықтар

Құрбан айт құтты болсын.

Қадірлі әріптестер!

Дініміздегі атаулы мереке Құрбан айт құтты болсын.

Құрбан айт – береке мен бірлікке, ізгілікке, мейірімділікке насихаттайтын ұлық мереке.

Ағайын арасындағы туыстықты, өзара ынтымақты нығайтатын мейрамда Алла разылығы үшін құрбан шалу – сонау Ибраһим пайғамбардан бастау алатыны баршамызға аян.

Бұл күні дәулетті адамдардың құрбан шалып, қаріп-қасерлерге, кедейлерге, мұқтаж жандарға таратуы – жамағат арасында мейірім мен өзара сыйластықты нығайтып, әлеуметті қуанышқа бөлейді.

Айттан айтқа аман-есен жете берейік. Еліміз бүтін, жұртымыз тыныш болғай.

Құрметпен, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Жанболат Саймағанбетов

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы