Шараға Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Өсербай Табыншаев, «Жаңаөзен мұнайшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Серік Бекбергенов, ӨТҚжЖЖБ кәсіподақ төрайымы Құрмангүл Тұрсынәлиева, №3 МГӨБ жұмыскері, қоғам белсендісі Күнсұлу Әйтешова қатысып, тәрбиешілер мен балаларға ізгі тілегін жеткізді.
Биыл «Ақбөбек» балалар лагері 6 кезең бойынша 1400-ге жуық бала қабылдайды.
Әр ауысымда 9-13 жас аралағындағы 200-ден аса мұнайшы балалары теңіз жағалауында он күнін тиімді әрі қызықты өткізетін болады.