Маңғыстау облысындағы «Өзенмұнайгаз» АҚ өндірістік нысандарында метан шығарындыларын анықтау және бағалауға арналған өлшеу науқанының бірінші кезеңі аяқталды.
АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі қаржыландыратын «Орталық Азия энергетикасы» (USAID) жобасы компанияның мұнай газ нысандарында метан шығарындыларын анықтау және бағалауға арналған өлшеу науқанының алдын ала нәтижелерін ұсынды. Жұмыс барысында таңдалған нысандарда метан шығарындыларын тікелей және қашықтықтан өлшеу жүргізілген.
Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан метан шығарындыларын азайту жөніндегі Global methane Pledge жаһандық бастамаға қосылды. Бастаманың мақсаты 2030 жылы метанды пайдалануды 2020 жылмен салыстырғанда 30% - ға ұжымдық қысқарту болып табылады.
Сондай-ақ 2 желтоқсанда БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP28) тараптарының 28-конференциясында «Орталық Азия энергетикасы» USAID жобасын іске асыруға жауапты Tetra Tech ES, Inc., компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
2024 жылдың 12-21 маусым аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және USAID жобасының ынтымақтастығы аясында метан, күшті әсер ететін парниктік газ шығарындыларын азайту мәселесін шешу мақсатында далалық өлшеулер жүргізді. Тікелей өлшеу әр нысандағы метан шығарындыларының негізгі көздерін анықтауға және бағалауға толық мүмкіндік берді.
Сонымен қатар USAID мамандары шығарындылардың негізгі себептері және оларды азайтудың тиімді стратегиясын әзірлеу үшін әр нысанның ерекшеліктері туралы ақпар жинады.
Қашықтықтан өлшеу көлік құралында орнатылған метан шығарындыларын бақылаудың мобильді жүйесін қолдана отырып жүргізілді. Бұл жүйе арқылы сарапшылар тобы метан шығарындыларын жедел анықтап, геолокализациялап, шығарындылар ошақтарына жедел топтарды жіберді.
Мобильді бақылау жүйесі қиын жерлердегі шығарындылардың көздерін анықтап, оларға баға беруге мүмкіндік берді.
20 маусымда Жаңаөзенде өткен семинарда «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлері науқанның алдын ала нәтижелерімен танысып, қолданылатын әдістер мен өлшеу жабдықтарын пайдалану бойынша оқу тренингіне қатысты.