Рус

Жаңалықтар

Еңбекті қорғау жылында атқарылған істер

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы 2019-жылды «Еңбекті қорғау» жылы деп жариялап, осы жылы аталмыш салада орасан жұмыс атқарылды. Атап айтатын болсақ:

- Компаниядағы Мұнай және газ өндіру басқармаларына қарасты жоспарланған 454 тербелмелі қондырғылар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай ретке келтірілді.

- Жол көлік оқиғаларын болдырмау, алдын алу мақсатында автокөліктердің жылдамдық режимін сақтау мәселесі күн тәртібінен түспеуіне байланысты, қатаң қадағалау оң жолға қойылды. Әйтсе де, 2019-жылы 2882 жылдамдық режимін бұзу фактілері анықталып, тәртіп бұзушыларға тәртіптік жаза қолданылды. Нақты айтатын болсақ, 131 адамға жазбаша ескерту, 64 адамға ескерту, 4 адамға сөгіс берілді.

- Қоғам бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, азаматтық қорғаныс, алғашқы дәрігерлік көмек тақырыбында оқулар өткізілді.

- ҚР Еңбек Кодексінің талаптарына сәйкес, компанияның барлық жұмыс орындарындағы еңбек жағдайының талапқа сай деңгейін анықтау мақсатында аттестациялау қызметі жүргізілді.

- Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік департаменті атқаратын жұмыстарының бір бөлігі азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселесіне қатысты екені баршамызға аян. Өткен жылы компания министрлік және жергілікті басқарушы органдармен бекітілген әртүрлі бағытта 46 оқу-жаттығу өткізді.

2019-жылы тіркелген 8 жазатайым оқиғаның 3-еуінің жеңіл, 5-еуінің деңгейі ауыр екендігі анықталды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы