Рус

Жаңалықтар

Ақпан айының қорытынды-есеп жиыны өтті

2-наурызда ақпан айының қортынды-есеп жиыны болып өтті. Жиынға бас директор Есен Өтеев, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Нұржан Базарбаев, департамент директорлары, өндірістік-құрылымдық басқарма директорлары, еншілес мекемелер мен сервистік компаниялар басшылары қатысты.

Аталған жиында Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті  директоры Максим Күшбаев пен Қоршаған ортаны қорғау және радиациялық қауіпсіздік департаменті директоры Қарлығаш Құдайбергенова өздері басшылық етіп отырған департаменттің 2019-жылғы атқарған және алдағы уақытта жасалатын жұмыстарымен таныстырып өтті.  

Мұнай және газ өндіру департаменті аға инженері Қанат Жанжігітов ақпан айына мұнай өндірудің жоспары 446 323 тоннаға бекітілгенін, нақты 445 420 тонна мұнай өндіріліп, - 903 тоннаға кем өндірілгенін айтты.

Жиын барысында ақпан айы бойынша өндірістік, әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштер қорытындыланды. Аталған көрсеткіштерді жақсарта отырып, алдағы айларға бекітілген жоспарды орындау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жиын соңында қала әкімі Мақсат Ибағаров облыстық ономастикалық комиссия шешімі бойынша Есен Өтеевті «Жаңаөзен қаласы құрметті азаматы» атағымен марапаттады. Бас директорды марапатымен құттықтаймыз!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы