Рус

Жаңалықтар

Құрметті әріптестер!

Әлемді алаңдатып отырған короновируске байланысты жуырда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Серікұлы Айдарбаевтың атынан сақтық шараларын іске асыру жөнінде бұйрық шыққан болатын.

 Осыған байланысты «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының бас директоры Есен Оғланұлы Өтеев аталған індетті жұқтырып алмау және таралуына жол бермеу мақсатында №86 санды Бұйрық шығарды.

Бұйрық негізінде аталған вирустың аса қауіптілігіне байланысты, кездесулер мен өткізілетін кеңес саны шектеліп, қажет болған жағдайда бейнеконференция арқылы кеңестер өткізу, жоспарланып отырған мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу қысқартылады.  

Әрбір өзенмұнайгаздық қолын антисептикалық сұйық сабынмен жиі жуып, мұрын қуысынан сұйықтық ағып, жөтелген кезде міндетті түрде қол орамал пайдалану сияқты қарапайым ережелерді қатаң сақтағаны абзал!

Бастың ауыруы, кеуде тұстың ауырсынуы, пневмония, безгек, дене қызуының көтерілуі сияқты Короновирустың алғашқы симптомдары байқалған кезде «Медикер» ЖШС жедел жәрдемі 103 және 93-0-03 телефондарына хабарласуға болады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы