Рус

Жаңалықтар

Бас директордың құттықтауы

«Өзенмұнай» акционерлік қоғамы еңбек ұжымы және жеке өз атымнан барша өзенмұнайгаздық аруларды 8-наурыз Аналар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін.

Жер бетіндегі барша жақсылық пен ізгілік атаның ақ сүтінен таралады. Заманның тыныштығы мен елдің амандығын тілеп жүретін аналарымыз аман болсын! Жарты ғасырлық тарихы бар Өзен кенорнында небір білікті де білімді, майталман мандарды өмірге әкелген аналарымызға шексіз алғысымды білдіре отырып, басымды иемін.

Мұнай саласының дамуы мен өсіп-өркендеуі жолында ер-азаматтармен иық тірестіре жемісті еңбек етіп, ел ырысын еселеп жүрген Өздеріңізге алғыстан басқа айтарым жоқ. Өмірдің-сәні мен нәрі Өздеріңізге деген шынайы тілегім: бар болыңыздар, өсіңіздер, өне беріңіздер. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен: «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Есен Өтеев

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы