Рус

Жаңалықтар

«Әйел-әлемнің шуағы» атты сайыс өтті

Аналар мерекесіне арнап, №1 МГӨБ «Әйел-әлемнің шуағы» атты сайыс өткізді. Басқарма цехтары қатысқан сайыс өз цехын таныстыру, киіп шыққан үстіндегі ұлттық киімнің мәнін ашу, шаш өру, дәм әзірлеу, қойылған сұраққа жауап беру, өз өнерін ортаға салу сияқты 6 түрден тұрды.

Аталған шараның ұйымдастырылуына басқарманың Әлеуметтік әкімшілік қамту бөлімі бастығы Таңатар Қойшыбаев бастаған бөлім мамандары мен кәсіподақ ұйымының төрағасы Ибрагим Сатыбаев мұрындық болды.

Қазақтың өзі сияқты әдемі ұлттық киімдерін киіп шыққан нәзік жандылар әр түрлі үлгімен шаш та өрді, жеміс-жидектерден дәмді салаттар да әзірледі, әдемілеп сәлемдесті, өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.

Сайыстың қорытындысы бойынша, №8 МГӨЦ 1-орын, №2 МГӨЦ 2-орын, ҚҚСЦ 3-орынды жеңіп алды. Әкімшілік басқармасы мен №11 МГӨЦ-ке ынталандыру сыйлығы тапсырылды. Жүлдегерлер басқарманың арнайы дипломы және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы