Рус

Жаңалықтар

Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Есен Өтеевтің 13-наурызда №96 санды Бұйрығы шықты

Бұйрыққа сәйкес компанияның  бас штабы құрылды. Штабтың байланыс телефондары: 65-3-20, 65-3-21, 69-1-90; Сонымен қатар, компанияның 16 ӨҚБ және «ӨМС», «КҚС», «СӨТБ», «KMG-Catering», «ҚазГӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестерде штабтар құрылып, коронавирус инфекциясының алдын-алу жөнінде жұмыскерлерге нұсқаулық өткізілді. Барлық жұмысшылар асханасында вирустық инфекцияның алдын-алу жөнінде видеороликтер көрсетіліп жатыр.

Жұқпалы індеттің алдын-алу мақсатында, барлық автостанцияларда, өндірістік және тұрмыстық-шаруашылық ғимараттарда, асханаларда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Мұнайшыларды тасымалдайтын 130 автобусты және арнайы техникаларды үнемі дезинфекциялап тұру қолға алынды. Адамдардың бір жерде шоғырлануын азайту мақсатында  17.03.2020-жылы сағат 19.00-ден бастап төтенше жағдай күші жойылғанша №1 МГӨБ еңбек ұжымы Р.Өтесінов атындағы денешынықтыру кешенінің жанынан, №2 МГӨБ ұжымы Әмин Тұяқов атындағы стандион қасынан жұмысқа жеткізілуде.

Әлеуметтік желілерде (уатсап, инстаграмм, фейсбук) ақпараттық хабарламалар жарияланды, жұмысшылар автостанциясында індеттің алдын-алу жөнінде аудио хабарландыру беріліп жатыр. Сақтық шараларды қолға алу жөнінде ақпараттық бюллетеньдер таратылып, ілінді. Дезинфекциялау сұйықтықтары қойылды. Сонымен қатар өндірістік нысандарға, әкімшілік ғимараттарға кіруге бөгде адамдарға шектеу қойылып, еңбекке жарамсыз парағын алған жұмыскерлерді бақылауға  алынды. Алдағы уақытта компанияның бас штабы төтенше жағдайды үнемі өзінің назарында ұстап тұратын болады.  

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы