Рус

Жаңалықтар

Компания коронавирус инфекциясының алдын-алу бойынша превентивті іс-шаралар жасақтады

«Өзенмұнайгаз» АҚ штаттық жағдайда жұмысын жалғастырады.

Коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдайға байланысты «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Есен Өтеевтің №96 санды Бұйрығы негізінде Covid-19 инфекциясының алдын-алу бойынша өндірістік ғимаратында арнайы штаб құрылды. Байланыс телефондары: 65- 3-20, 65321, 69190;

  • Коронавирус инфекциясының алдын-алу мақсатында 16 ӨҚБ жұмыскерлер арасында нұсқаулық өткізілді.
  • «ETS Service» ЖШС келісім шарт негізінде күн сайын автобустар, өндірістік және әкімшілік ғимараттарда дезинфекция жүргізілуде. Бұдан бөлек компания өз күшімен арнайы техникаларды дезинфекциялады.
  • Барлық автостанцияларда күніне 2 рет дезинфекциялау жүргізілді.
  • Әлеуметтік желілерде (уатсап, инстаграмм, фейсбук) ақпараттық хабарламалар жарияланды, жұмысшылар автостанциясында індеттің алдын-алу жөнінде аудио хабарландыру беріліп жатыр.
  • Еңбекке жарамсыз парағын алған жұмыскерлерді бақылау қолға алынып, күнделікті жұмыскерлердің дене қызуы өлшенеді. Дене қызуы көтерілген қызметкер тез арада «Медикер» ЖШС медициналық мекемесіне тексерілуге жіберіледі.
  • Өндірістік нысандарға, әкімшілік ғимараттарға бөгде адамдарға кіруге шектеу қойылды.
АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы