Рус

Жаңалықтар

«Біз біргеміз!» акциясы өтті

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы бас директоры Есен Оғланұлының бастамасымен республикалық «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясына қатысып, қаламыздағы, Теңге, Қызылсай ауылдарындағы қамқоршыларынан айырылған, жалғызлікті қамкөңіл жандарға бір айға жететін қажетті азық-түлік, қазіргі таңда алты құрылықты дүрбелеңге салған коронавирустан сақтану үшін медициналық маскалар мен антисептикалық құралдар таратылып берілді.

«Дүние тезек сияқты: үйілген сайын сасиды, шашылса жерді тыңайтады»-депті ғұлама Лев Толстой. Жетімдіктің тақсіретін тартып, жалғыздықтың азабын шегіп жүрген жандар өзенмұнайгаздықтарға шексіз алғысын білдіре отырып, аталмыш шара алдағы уақытты да жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болар еді, деген тілегін жеткізді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы