Рус

Жаңалықтар

Министр Өзен кенорнында болды

11 қараша, 2020
ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысына іссапармен келді. Сапар барысында министр «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамында болып, өндірістік жиналыс өткізді. Жиналыста Қоғам бойынша үстіміздегі жылдың 10 айында қол жеткізген көрсеткіштер туралы есеп беріліп, күрделі мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Бұдан кейін Нұрлан Ноғаев МГӨБ-3 қарасты №3 топтық қондырғыда, Жерасты жабдықтарды диагностикалау және жөндеу цехында, №1 Мұнайды судан алдын ала айыру қондырғысында (УПСВ-1), Мұнай өнеркәсібі құралдарын және технологиялық коммуникацияларды жөндеу басқармасының өндірістік базасында, «ҚазГӨЗ» ЖШС болып, жұмыстарымен танысты.
Кездесу соңында министр ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген өзенмұнайгаздықтарға шексіз алғысын білдіре отырып, жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы