Сапа саласы қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін 12,13-қараша күндері «Кендірлі» демалыс аймағында атап өтті. Бас директордың адами ресурстарды басқару жөніндегі орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаев мерекенің алғашқы күнінде аталған сала қызметкерлерімен кездесіп, әрқайсысымен ой-пікір бөлісті.Тамаша аурада өткен жүздесу соңы, табиғат аясында тамақ дайындаумен жалғасты.
Мерекенің келесі күні тренер Бақыт Жұмақаева «Эмоционалды интеллект және дау-дамайларды реттеу» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға қатысушылар «болмашы нәрсеге ренжімей, эмоцияны тізгіндеп, туындаған проблемаға өзгеше қырынан қарау арқылы шешуге болатынын» түсініп, пайдалы ой түйді.
Семинар соңында бас директор Есен Өтеев сапа саласының қызметкелерін мерекелерімен құттықтап, бір топ үздік мамандарға Құрмет грамотасы мен Алғыс хат тапсырды.