Рус

“Балақай” оңалту орталығы

"Балақайда" 24 баланың тұсауы кесілді

«Балақай» оңалту орталығында Ерікұлы Төренұрдың тұсауы кесіліп, тағы да бір шаңырақ қуанышқа кенелді.

Тұсаукесер рәсіміне № 5 СҚКБ директоры Жәнібек Олжабайұлы Әзбергенов, бас инженер Аманжан Қуанышұлы Мауленбаев, пайдалану бөлімінің бастығы Қайрат Қойшығұлұлы Қаржауов, әлеуметтік әкімшілік қамту бөлімінің бастығы Күләш Екібайқызы Төлесінова келіп мекеме атынан өз тілектерін жеткізді.
Орталықтың неврапотолог дәрігері Баян Бектасқызы сөз сөйлеп, Төренұрдың келген кезде отыра алмайтынын, 3 кезең ем-шарасын алып, төзімділік пен мейірімге толы еңбектің арқасында тәй-тәй басып, жүре бастағанын жеткізіп қуанышын білдіріді.​​​​ ​​​Орталықтың жұмыс жасағанына 1 жылдан астам уақыт болса да, 15 баланың тілашары болып, 24-баланың тұсауы кесілгелі тұрғанындығын айтып, қолдаушы мұнайшыларға орталық мамандарының атынан шексіз алғысын жеткізді.

Нұртөре бөбегіміздің тұсауын Жәнібек Олжабайұлы кесіп, балапанға ұжым атынан соңғы үлгідегі белсебет табыс етіп, ақ батасын берді.


«Өмірдің мәні не? дегенде, жақсылық жасау» деп Лев Толстой айтқандай, жақсылық жасауды Өздеріне мұрат санайтын өзендік мұнайшыларға Алланың нұры жаусын!
АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы