Рус

“Балақай” оңалту орталығы

25 баланың тұсауы кесілді

Бүгін, 30 шілдеде «ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев бастаған Маңғыстау облыстық мәслихаттың депутаттары Бекмұрат Жүсіпов, Римма Өтесбаева, «ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ының Ақтау қаласындағы өкілдігінің атқарушы директоры, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Есен Өтеевтер Жаңаөзен қаласында жасалынған жұмыстар мен келешекте жүзеге асатын жобалармен танысу мақсатында біршама әлеуметтік нысандарға барды.

Сонымен қатар көп бейінді аурухана, «Балақай» оңалту орталығы, үрмелі спорт құрылымы, БИЛ оқу методикасы енгізілген жай мектептерді аралады.

«Балақайда» әртүрлі ем-шара, түзету, дамыту жұмыстарының нәтижесінде аяғына тұрған кезекті балапанның тұсауын кескен Қ.Есқазиев баланың жақындары мен орталық мамандарына сәттілік тіледі.

-Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында Жаңаөзен қаласы тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бағытында бірқатар әлеуметтік жобалар іске асырылып жатыр. Жаңаөзен қаласының дамуы тікелей Өзен кен орнына байланысты. Туған жер, туған өлкенің көркеюіне үлес қосып жүрген өзенмұнайгаздық әріптестеріме өте ризамын,- деді Қ.Есқазиев.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы