Рус

“Балақай” оңалту орталығы

«Балақай» оңалту орталығында 33, 34-баланың тұсауы кесілді.

«Балақай» оңалту орталығында 33, 34-баланың тұсауы кесілді. Шараға Кенорнын игеру департаменті директоры Жасұлан Рзаев пен Әлеуметтік саясат және әкімшілік қамту департаменті директоры Мұхамбетберді Суитов қатысты.

Департамент директорлары 1 жас 10 айлық егіздер Ғалымжан Бердіхан мен Аяжан Бердіханның тұсауын кесіп, басқан қадамына құт тіледі. Сондай-ақ көлік сыйға тартты.

– «Өзенмұнайгаз» мұнайшылары ел игілігі үшін әрдайым қол ұшын созуға дайын. Сәбилеріміз ешқашан ауырмасын, болашағы тек жарқын болсын деген тілегіміз бар, - деді Жасұлан Берікұлы.

Көзіне еріксіз жас алған бүлдіршіндеріміздің әжесі орталық жұмысының толыққанды жұмыс жасауына сеп болып, жаңаөзендік балалардың емін-еркін ем алуына жағдай жасап отырған компания мұнайшыларына, «Балақайдың» мамандарына шексіз алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Ғалымжан мен Аяжанның жүрер жолы ұзын, шығар тауы биік, көрер қызығы мол болсын!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы