Рус

“Балақай” оңалту орталығы

Балақайда 36 баланың тұсауы кесілді

«Балақай» оңалту орталығы ашылғаннан бастап, яғни үш жылдай ем алған Мадияр Абайдың тұсауы кесілді. Бес жастағы балапанның қуанышына ӨТҚжЖЖБ директоры Мәмбет Бигелдиев, кәсіподақ төрайымы Айгүл Тұрсынәлиева, Әлеуметтік-әкімшілік қамтамасыз ету бөлімі басшысы Күмісай Жұбаниязова және орталық мамандары мен отбасы, жақындары қатысты.

Мадиярдың тұсауын кескен М.Бигелдиев: «Жеті рет «Алтын доп» иеленген атақты футболшы Лионель Месси кеш жүріп, әке-шешесі жүгіріп кетуі үшін бес жасында футболға берген. Болашақта Мадиярымыздың теңбіл доп теуіп, жетістікке жетуінің куәсі болайық. Жүзі жарқын, қайырымды, қадірлі, танымы кең, көпшіл азамат болып өсе берсін», – деген жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар орталық дәрігерлері, Мадиярдың аталары, әжесі, анасы тілегін жеткізіп, көзіне жас толып алғыс айтып жатты.

Балапанға ӨТҚжЖЖБ ұжымы атынан ойыншық мотоцикл мен көлік сыйға берілді. Үлкендер бата беріп, шашу шашып, дәм ұсынды.

Аяғына тұрған балақайдың өмірі ұзақ та шуақты болғай!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы