Рус

“Балақай” оңалту орталығы

«Балақай» оңалту орталығында қос балақайдың тұсауы кесілді.

Шараға Бюджеттеу және экономикалық талдау департаменті директоры Нұрлан Жұмабеков пен департамент мамандары, орталық қызметкерлері қатысты.

Екі жастан асып аяғына тұрған Мирас Дүйсекен мен Зере Амалбайдың тұсау кесу рәсімін аталмыш департамент директоры мен орталықтың емдік дене шынықтыру инструкторы Оңдасын Аманжол орындап, балапандардың басқан қадамына құт тіледі. Сондай-ақ белесепет сыйға тартты.

– Бала болашағы үшін әрдайым қол ұшын созуға дайын мұнайшыларға ризамын. Бүгін міне қос бірдей бүлдіршіннің тәй-тәй басып, әке-шешесі, ата-әжесінің қуанышына куә болып тұрмыз. Сәбилер ешқашан ауырмасын, болашағы жарқын болсын деймін, – деді Нұрлан Орақұлы.

Мирасқа психомоторлық дамудың кешігуі диагнозы, ал Зереге Даун синдромы қойылған. Екеуінде де екі курс емнен кейін оң өзгеріс байқалып, өзі тұрып, жүре алатын нәтижеге жетіп отыр.

Ақ жолмен жүріп, абыройлы болып өсуіне тілектеспіз.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы