Рус

“Жас маман” бағдарламасы

"Жас Маман" бағдарламасына қатысу үшін үміткерлерге қойылатын талаптар:

1. Жаңаөзен қаласының тұрғыны болуы;

2. Жоғары оқу орнын (бакалавр, магистратура, аспирантура) күндізгі оқу формасында ҮЗДІК долуы тиіс немесе жақын, алыс шет мемлекеттердің жоғары оқу орнын GPA шкаласы бойынша бағасы 3,5 тен төмен емес 6ітіргендігі жөнінде диплом иегері болуы;

3. Жас деңгейі 33 жастан жоғары емес;

4. Жоғары оқу орнының рейтингісіне және ғылыми конкурстардың жеңімпаздарына басымдық берiлeдi;

(Егер жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес үміткерлер табылмаған жағдайда "Өзенмұнайгаз" АҚ GPA шкаласы бойынша 3,5 тен төмен емес бағамен еліміздің жоғары оқу орнын және Колледжді үздік дипломмен бітірген түлектер арасында таңдау жүргізуге құқылы.)

5. Қабылданатын мамандық бағыттары: 1) Геология және кен орындарды игеру; 2) Мұнайгаз кәсіпшілік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу (механика); 3) Экономика, бухгалтерлік есеп, қаржы.

"Жас Маман" бағдарламасы бойынша Үміткерлерді іріктеу, таңдау келесі кезеңдерден тұрады:

I-кезең

1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткер ғаламтор арқылы ozen.kz сайтына кіріп, конкурс талаптар және ережелерімен танысқаннан кейін сайтта көрсетілген анкетаны толтырып, өзінің PDF форматында құжаттарының көшірмелерін енгізеді;

2. "Өзенмұнайгаз" АҚ ozen.kz сайты арқылы конкурсқа қатысуға өmiніш білдірген үміткерлердің құжаттарымен танысып, конкурс ережесіне сәйкестігін тексереді;

II-кезең

1. Құжаттар ережеге сәйкес үміткерлер мамандығы бойынша білімін тексеруге арналған тест сұрақтарына жауап береді.

2. Тестке қатысушыға 1 caғam 20 минут уақыт 40 сұрақ беріледі, Әр сұраққа дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.

III-кезең

1. Тест сұрақтарынан 32 баллдан төмен емес нәтиже көрсеткен үміткерлер арнайы Комиссияға сұхбаттасуға жіберіледі.

2. Сұхбаттасу кезінде, алған мамандығы білімін тексеру мақсатында сұрақтар қойылады. Сұрақ саны 10-15 аралығында болады.

Сұхбаттасу натижесі 5 ұпайлық шкаламен есептеледі:

Қойылған сұрақтардың 91-100%-на дұрыс жауап бергенге 5 ұпай-"ЖОҒАРЫ";

Қойылған сұрақтардың 71-90%-на дұрыс жауап бергенге 4 ұпай-"ОРТАШАДАН ЖОҒАРЫ";

Қойылған сұрақтардың 31-70%-на дұрыс жауап бергенге 3 ұпай-"ОРТАША";

Қойылған сұрақтардың 10-30%-на дұрыс жауап бергенге 2 ұпай-"ОРТАШАДАН ТӨМЕН";

Қойылған сұрақтардың 10%-дан төмен дұрыс жауап бергенге 1 ұпай - "ТӨМЕН";

 Конкурс кезеңдерінен cәmmi өткен үміткерді Комиссия шешімімен "Өзенмұнайгаз"АҚ Персоналды ұсыну қызметін көрсетуші ұйымына жұмысқа қабылдауды қарастыратын болады.

 (Егер сұхбаттасу кезінде бір мамандыққа бірнеше үміткер болған жағдайда тест сұрақтары бойынша көп балл алғанға басымдық беріледi)

" Жас Маман " бағдарламасы бойынша Үміткер төмендегі анкетаны толтырып, құжаттарын ұсынады:

Ұсынатын маліметтер:

1. Аты, жөні, әкесінің аты(төл құжат бойынша)

2. Туған күні, айы, жылы

3. Психикалық диспансерден анықтама (Egov порталынан алынады) (Бұл құжат мекен-жай анықтамасының орнына жүреді)

4. Телефон номері

5. Электрондық поштасы

6. Бітірген оку-орны

7. Мамандық бағыты

8. Мамандығы

9. Бітірген жылы

10. Дипломы бойынша GPA шкаласымен баға деңгейі

11. Еңбек өтілі бойынша мәлімет (егер болған жағдайда)

12. Әр түрлі ғылыми конкурстарға қатысқандығы жөнінде мәлімет

Қажетті Құжаттар:

1. Төл құжат

2. Мекен-жай анықтамасы

3. Диплом (қосымшасымен бірге)

4. Еңбек кітапшасы (егер болған жағдайда)

5. Резюме

6. Әр түрлі ғылыми конкурстарға қатысып, марапат алғандығын айқындайтын құжаттар

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы