№3 МГӨБ-тің ЕҚжТҚБ аға инженері Ерболат Оразмұханов биыл Павлодар қаласында өткен Спартакиадаға қатысып, ұлттық спорт түрі асықтан 20 ойыншының арасынан 2-орынды жеңіп алды.
– Асықты 2 жасымнан ойнап бастадым. Ағам сыйлаған сықи сақаммен талай баланың асығын сыпырып алып, жылатып қоятынмын. Арасында әрбіреуін 10 теңгеден сатып, шала байып қалушы-ем, – дейді Ерболат.
Асық баланың ойлау қабілетін дамытады, денесі шынығып, қашықтан жақсы көретін болады. Мергендікке баулып, ойының жылдам өсуіне ықпал етеді