«Риза-Ана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен компания қызметкерлері қаламгер, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Рахат Қосбармақовпен кездесті.
Қаламгер халқымыздың салт-дәстүрі жайлы айтып, соңғы уақытта қазақтың тойы мен садақасында орын алып жүрген дарақылық пен даңғазалық туралы әңгіме қозғады.
– Қазақтың бүгінгі тіршілігі күнде жиын, күнде тойға айналды. Әлеуметтік желіде әдемі өмірді көрсетеміз деп, небір ақылға қонымсыз дүниелер шығып кетті. Той-томалақта, садақада да дастарханды аста-төк тамаққа толтырып, жөн-жосықсыз шашылып, ретсіз шығындалып жүрміз, – деді Рахат Құсайынұлы.
Кездесуде қатысушыларды бір күндік даңғазаны мәндірек, маңыздырақ нәрселерге алмастыруға, білім алып, еңбек етіп, отбасыға көңіл бөлуге шақырды.