Рус

Жаңалықтар

Қоғам техникасы жаңарды

Өзен кен орнындағы мұнай өнімділігі мен мұнай өндіру тиімділігін арттыру процесі техника арқылы жүзеге асады. Сондықтан компания басшылығы кезең-кезеңмен Қоғам техникасын жаңартып келеді.
– 2022 жылы 201, былтыр 79 техника сатып алынды. Биыл 78 техника сатып алу үшін тендер арқылы анықталған мекемелермен 21 келісімшарт жасақталды. Қазіргі таңда 10 Toyota Coaster, 4 King Long автобусы, 2 Toyota Hiace, Shacman, Камаз, Урал базасынан алынған әр түрлі 30 техника мұнайшы игілігіне берілді. Жыл соңына дейін қалған 32 техника жеткізілетін болады. Сондай-ақ келесі жылға 116 техника сатып алуды жоспарлап отырмыз, – дейді Транспорт департаментінің бөлім бастығы Асқан Төлеуов.
Жылдар өткен сайын кәсібилене түсіп, тәжірибесін шыңдап, күн-түн демей еңбек етіп, Өзен кен орнының дамуына қомақты үлес қосып жүрген жүргізушілерге тақымға бұйырған жаңа темір тұлпар құтты болсын дейміз!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы