Рус

Жаңалықтар

Компания акт залында «Лудоманияның алдын алу» атты жиын өтті.

5 ақпан, 2025

Компания акт залында «Лудоманияның алдын алу» атты жиын өтті.

Шарада облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру-бақылау бөлімі басшысы Мереке Қилыбай мен практик-психолог Дариға Назарова құмар ойын мен қаржы пирамидаларының кесірі туралы кеңінен әңгімеледі.

Спикерлер құмар ойынға тәуелділіктен арылып, қаржы пирамидаларының құрбаны болмас үшін адам ізденіп, оқып, білімін көтеріп, психолог-мамандардың көмегіне жүгіну қажеттігіне тоқталып өтті.

– Қазір «балам құмар ойынға басымен кіріп кетті, енді қайттік» деп байбалам салып қойып, қарап отыратын заман емес. Сіз өзіңіздің, жақындарыңыздың өміріне жауапкершілікпен қарап, әрекет етуіңіз керек. Қол қусырып отырған адамның проблемасы шешілмейді, шиеленісе түседі. Есіңізде болсын: мәселеден қашып құтылмайсыз, шешіп құтыласыз, – деді психолог.

Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары ассоциациясымен ұйымдастырылған шарада тақырыпқа қатысты бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар ұсыныс-пікірін ортаға салды.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы