Рус

Жаңалықтар

№1 МГӨБ-тің №1 Скважиналарды жерасты жөндеу цехы ұжымына жаңа слесарьлық ғимарат пайдалануға берілді.

5 ақпан, 2025

№1 МГӨБ-тің №1 Скважиналарды жерасты жөндеу цехы ұжымына жаңа слесарьлық ғимарат пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына басқарма бас инженері Нұрым Кенжебаев, Өндірістік техникалық бөлім басшысы Әділбек Олжабаев, №1 СЖЖЦ бастығы Ринат Сайын қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

– Ыңғайлы да жайлы ғимарат құтты болсын! Қарапайым жұмыскерге еңбек етуге қолайлы жағдай жасалып жатқанына ризамын. Мұнайшылар осындай таза, заман талабына сай ғимаратта жұмыс істеуі керек деп білемін, – деді Нұрым Кенжебаев.
 
Мердігер «Макс-КМ» ЖШС өкілі Әділбек Қожамсүгір цех бастығына нысанның символикалық кілтін табыстап, бас инженер мен цех бастығы лента қию құрметіне ие болды.

200 шаршы метрді құрайтын ангар типтес нысан киім ауыстыру, демалу, жуыну, механик бөлмелерімен және жылу қазандығы, қоймамен жабдықталған.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы