26 ақпан, 2025
Скважиналарды жерасты жөндеу – ӨМГ жетістігінің кілті!
«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Жанболат Саймағанбетов компанияның операциялық тиімділігін арттыруға бағытталған ауқымды жұмысты бастады. Бұл бастамадағы ең маңызды бағыттардың бірі – скважиналарды жерасты жөндеу (СЖЖ) жұмыстарынан бастау алды. Себебі осы жұмыстардың сапасы ӨМГ-нің стратегиялық мақсаттарына тікелей әсер етеді.
Мәселенің мәні неде?
ӨМГ, ҚМГИ және ҚМГ сарапшыларымен бірлесіп, СЖЖ сапасын тежейтін 12 негізгі мәселе анықталды. Бұл мәселелерді шешу компанияның нәтижелерін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Бұл қалай жүзеге асырылады?
Жобалық топқа №1, 2, 3, 4 МГӨБ технологтары, шеберлері мен жұмысшылары кірді. Олар күн сайын осындай проблемалармен бетпе-бет келетін тәжірибелі мамандар. Демек бұл мамандар сыртқы шешімдерді іздеумен ғана шектелмей, жүйені ішінен өзгертуге жұмыстанатын болады.
Келесі қадам қандай?
Команда алдында СЖЖ сапасына әсер ететін түйткілдердің түпкі себептерін анықтау және оларды жою міндеті тұр. Оларға үлкен үміт артылуда. ӨМГ-нің жетістігі осы мамандардың қолында екеніне сенеміз.
Әріптестерімізді осы маңызды жұмыста қолдайық! Бірлесе отырып жоғары нәтижелерге жетеміз!