8 наурыз, 2025
Халықаралық әйелдер мерекесіне орай бас ғимараттың акт залында салтанатты шара өтті.
Бас директор Жанболат Саймағанбетов, бас директордың бірінші орынбасары Нұрбол Ділмағамбет, «Өзенмұнайгаз жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Бекқали Уақбаев, БА кәсіподақ төрағасы Сәбит Төкенов мұнайшы аруларға құтты болсын айтып, Өзен кен орнының дамуы, өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген бір топ нәзік жандыны Құрмет грамотасы, Алғыс хатпен марапаттады.
– Мереке ұжым бірлігін нығайта берсін. Ер азаматтармен бірге еңбек етіп жүрген Сіздерге ризамыз. Ырысыңыз асып, күш-қуатыңыз тасып, ел игілігі үшін жемісті еңбек етіп жүре беріңіз!, – деді Жанболат Амангелдіұлы.
Мұнайшы арулар құрметіне дастархан жайылып, арнайы шақырылған өнерпаздар ән шырқап, мереке көрігін қыздырды.