16 наурыз, 2025
13-15 наурыз аралығында отырып ойнау волейболынан ардагерлер арасында ҚР чемпионаты өтті.
«Алға» паралимпиадалық спорт орталығында ұйымдастырылған додада жергілікті және Астана, Ақтөбе, Қызылорда қалаларынан келген командалар бақ сынады.
Нәтижесінде маңғыстаулық команда чемпион атанып, Ақтөбенің командасы 2-орынды, Қызылорданың командасы 3-орынды, Астананың командасы 4-орынды иеленді.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер, қалалық мәслихат депутаттары, мұнайшылар мен «Алға» спорт клубы мүшелері де волейболды отырып ойнаудан жарысты.
Компания бас директоры Жанболат Саймағанбетов, бас директордың бірінші орынбасары Нұрбол Ділмағамбет, әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директор Бауыржан Жұбаназаров, «Өзенмұнайгаз жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ
төрағасы Бекқали Уақбаев пен кәсіподақтар тартысты ойын көрсетті.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, спортқа деген әуестігін арттыру мақсатында өткен спорттық шараның жабылу салтанатына облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай арнайы келді.
Облыс және қала әкімі, «Өзенмұнайгаз» бас директоры құттықтау тілегін айтып, жеңімпаздарды диплом және қаржылай сыйлықпен марапаттады.