Компанияға қарасты №2,4 МГӨБ жұмыскерлері қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Рахат ауылындағы саябақ аумағына 90 түп жеміс көшетін отырғызды.
Бұл шараға бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Өсербай Тұрсабеков, Әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директор Бауыржан Жұбаназаров, басқарма директорлары мен қалалық әкімдік өкілдері қатысты.
– Еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатқан экологиялық акцияның мән-маңызын жете түсінген мұнайшылар жұдырықтай жұмылып, іс-шараға белсенді қатысып жатыр. Біз «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының тиімділігін сезініп отырмыз. Әрбір тұрғын қаланың тазалығы мен эко мәдениетіне жауапты, – деді Өсербай Сансызбайұлы.