Рус

Жаңалықтар

Еңбек ұжымымен бас директордың 2024 жылдың қорытындысы бойынша есептік кездесу

Компания бас директоры Жанболат Саймағанбетов және басшылық құрам №1,3 МГӨБ еңбек ұжымымен кездесіп, 2024 жылдың қорытындысы бойынша есеп берді.


Жиын барысында былтыр атқарылған жұмыстар жөнінде, нақтырақ айтатын болсақ, бас директордың бірінші орынбасары Нұрбол Ділмағамбет мұнай өндіру көрсеткіштері, кен орынды оңалту, өнімді көтеру, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Қуаныш Бекмағанбетов компания кіріс-шығыны мен қаржылық жағдайы, әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директор Бауыржан Жұбаназаров әлеуметтік сала бойынша баяндама жасады.

Мұнайшылар жұмысқа қатысты сұрақтарын қойып, тұщымды жауабын алды. Бас директор туындаған сұрақтарға байланысты тиісті тұлғаларға нақты тапсырма берді.

Жанболат Амангелдіұлы «Жұмыла көтерген жүктің жеңіл» екенін алға тарта отырып, әріптестерін мұнай жоспарын орындау жолында жемісті еңбек етуге шақырды.

Аталмыш шара өзге басқармаларда жалғасады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы