Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында бірқатар іс-шара ұйымдастырды.
Өндірістік блоктың мәжіліс залында бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Өсербай Тұрсабеков, 16 басқарма директоры, бас техникалық жетекшілері және экологтармен жиын өтті. Басқосуда еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өндірісте еңбек жағдайын жасау, жазатайым оқиғаның алдын алу, техника қауіпсіздігін сақтау мәселесі талқыланды.
Еңбекті қорғау мамандары шағын футбол, волейбол, көңілді старт сайысына қатысты. Қаладағы жағдайы төмен 17 отбасыға азық-түлік салынған пакет үлестіріп, қала мешітіне садақа берді.
Маңғыстау облысы экология департаменті басшысы Арман Жүсіпқалиев, бас директордың бірінші орынбасары Нұрбол Ділмағамбет пен бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Өсербай Тұрсабеков тал еккен игі істің жанынан табылды.
ЕҚжӨҚД директоры Максим Күшбаев бастаған тағылымды шараны әріптестеріміздің өз күшімен атап өткенін айта кеткен жөн болар.