Шымкент қаласында «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының Жастар форумы өтіп жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған іс-шараға «Өзенмұнайгаздан» 25 жас маман қатысып отыр.
– Қазіргі таңда «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында 13,5 мың жас маман бар. Кадр білігін арттыру – әлі де өзекті. Президент атап өткендей жасанды интеллектіні дамыту – экономиканы дамытатын күшке айналғаны жөн. Жасанды интеллект, операция менеджменті, өндірістегі көшбасшылық, жүйелі ойлау мен тиімді шешім қабылдау тақырыбында өтетін тренингтер жас маманның кәсіби тұрғыда өсуіне ықпал етеді, – деді шара шымылдығын ашқан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшысы Асхат Хасенов.
Үш күнге созылатын форум білікті маман мәртебесін көтеріп, нағыз еңбек адамын дәріптей отырып, жастардың жан-жақты дамуына шексіз мүмкіндік береді.