Рус

Жаңалықтар

Құмар ойынға тәуелділікпен бірлесе отырып күресу

Қазіргі таңда құмар ойын тудырып отырған қауіп-қатердің күш алып бара жатқаны кім кімге де жасырын емес. Мемлекет деңгейінде көтерілген мәселені шешу, одан құтылу жолдарын талқылау мақсатында «Өзенмұнайгаздың» акт залында жиын өтті.

Басқосуға қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасы демография саясаты бойынша ұлттық комиссия мүшесі, республикалық аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Ыдырысқызы, «ESBOL QORY» корпоратив қорының атқарушы директоры Жандос Ақтаев, Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, облыстық ҚХА аналар кеңесі төрағасының орынбасары Жақсыгүл Маханбетова, облыстық ақсақалдар кеңесі төрағасы Оңайбек Әбділов, Жаңаөзен қоғамдық кеңесінің мүшесі, инженер энергетик Бауыржан Бердібайұлы, еңбек ұжымы қатысты.

– Лудоманияның талай шаңырақты ойран еткенін құлақ естіп, көз көріп отыр. Адам – әлсіз. Ол жеңіл жолмен ақша тауып, тез байып кеткісі келеді. Лудомания адамды байытпайды. Құмар ойынға шатылған ойыншы қарызға белшесінен батып, отбасынан, баспанасы мен көлігінен айырылып жатыр. «Жығылғанға жұдырық» демекші, соңғы кезде мектеп оқушылары арасында синтетика есірткісінің кең тарала бастауы да қоғамды алаңдатып отыр. Онлайн ойынды ермек еткен балаларымызды қазірден бастап қатаң қадағалау керек. Билік органдары онлайн ойыншылардың қаржылық операцияларын тоқтату мақсатында «eGov Mobile» электронды үкіметінің мобиль қосымшасы арқылы шектеу қойып, тыюға әрекет жасап жатыр. Құмар ойын деген құрдымға жұтылып бара жатқан адамдарды бүгін құтқармасақ, ертең кеш болады, – деді Нәзипа Ыдырысқызы.

Жиында баяндама оқыған спикерлер көпшілікті құмар ойынға тәуелділікпен бірлесе отырып күресуге шақырды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы