50 мұнайшы тамақтанып келген асханадан енді 100 мұнайшы тамақтана алады.
Аспаздардың ескірген пісіріп-түсіретін құрал-жабдықтары 100 пайызға жаңартылды. Өрттен қорғайтын сигнализация мен бейне бақылау камерасы орнатылды. Қазіргі заманға сай жылыту жүйесі тартылды. Шатырына дейін ауыстырылып, сырты заманауи материалмен қапталды. Асхана айналасына брусчатка, ауласына асфальт төселді.
Жиынға қатысқан бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Қанағат Мыңтұрғанов, Күрделі құрылыс департаменті директоры Бисен Ратов, №2 МГӨБ директоры Мереке Құлбеков сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.
Мердігер «Макс-КМ» ЖШС шебері Серік Жауымбай асхана меңгерушісі Сандуғаш Жаңабаеваға символикалық кілтті табыстап, Қанағат Мыңтұрғанов пен Мереке Құлбеков лентасын қиды.