Технологиялық транспорт басқармасында заман талабына сай салынған 80 адамға арналған тұрмыстық-шаруашылық кешен салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді.
Жиынға Құрылыс департаменті директоры Бисен Ратов, ТТБ директоры Үмбет Нұрлыбаев, кәсіподақ төрағасы Аслан Атшыбаевтар қатысып, ізгі лебізін білдірді.
Мердігер «Макс-КМ» ЖШС өкілі Пайдалану бөлімінің басшысы Айса Мәжімовке символикалық кілтін тапсырды. Басқарма зейнеткерлері Иманғали Жарылғапов пен Жарылғасын Оңдасынов ғимарат лентасын қиып, Рената Сарқұлова шашу шашты.
468 шаршы метр аумақты құрайтын жаңа ғимаратта жұмыс істейтін, киім ауыстыратын, демалатын, жуынатын бөлмелері бар.