Мұнайшы балаларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруды игі дәстүрге айналдырған «Өзенмұнайгаз» компаниясы биыл 5000-ға жуық балаға лагерь жолдамасын қарастырды.
Қазіргі таңда жоспар 80 пайызға орындалып, 4000-нан аса баланың демалысы сәтті өтті.
Соның бірі – Кендірлі жағалауында орналасқан «Ақбөбек» лагері.
6 ауысымда 2200 бала («Өзенмұнайгаздан» 1300 бала, қалғаны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қарасты компаниялар тобы) демалады.
«Ақбөбек» лагері – баланың тұлғалық, шығармашылық және физикалық дамуына мүмкіндік береді.
Мұнда әр баламен жеке жұмыс жүргізіледі.
Футбол, баскетбол, волейбол, құм терапиясы, шахмат, сурет, қолөнер, шаш үлгісі, тоғызқұқмалақ, домбыра, гитара, мобилография секілді 25 үйірмесі бар.
Балалар кесте бойынша Каспий теңізіне шомылып, аквапаркте көңілді уақыт өткізеді.
Қазақ тағамтану академиясы бекіткен ас мәзірі бойынша 5 мезгіл тамақтанады.
Кастингтен өткен үздік студенттер мен мұғалімдер тәлім беріп, республикалық деңгейде мойындалған әдістеме бойынша жұмыс істейді.