Рус

Жаңалықтар

«Өзенмұнайгаз» спортшыларын бас директордың бірінші орынбасары Нұрбол Ділмағамбет арнайы қабылдады

7–10 тамыз аралығында Астана қаласында өтетін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы арасындағы Х Спартакиада алдында «Өзенмұнайгаз» спортшыларын бас директордың бірінші орынбасары Нұрбол Ділмағамбет арнайы қабылдады.

Ол «ҚазМұнайГаз» Спартакиадасында командалық есепте екінші орын алған құрамаға ризашылығын білдіріп, алдағы жарыстан да жоғары нәтиже күтетінін жеткізді.

– Сіздерден жеңіске деген ұмтылысты да, бір-біріңізге деген сенімді де, додаға тың дайындықты да байқап отырмын. Ендеше, сәттілік тілеймін! Жолыңыз ашық болсын!, – деді Нұрбол Сембайұлы.

Кездесу барысында спортшылар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, компания басшылығы мен әлеуметтік сала мамандары тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғысын білдірді.

Бұл жолы компанияның 11 мұнайшысы «ҚазМұнайГаз» командасы құрамында өнер көрсетіп, арқан тарту, қол күресі және үстел теннисінен сынға түседі.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы