Өзен және Қарамандыбас кен орындарындағы мұнай өндіру процесі техникаға тікелей байланысты.
Бұл ретте компанияда техникалық базаны жаңарту және толықтыру жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Бүгінгі күні «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы балансында 1133 арнаулы техника, 202 автобус, 192 жеңіл автокөлік бар.
Соңғы 5 жыл ішінде компания паркi 460-қа жуық жаңа көлікпен толықты.
Атап айтсақ:
• 2021 жылы – 83 бірлік;
• 2022 жылы – 201 бірлік;
• 2023 жылы – 79 бірлік;
• 2024 жылы – 77 бірлік;
• 2025 жылы – 18 бірлік.
Осы техникаларды 2 349 жүргізуші басқарады. Арнаулы техникада – 1968 адам, автобуста – 257 адам, жеңіл автокөлікте – 124 адам.
Транспорт саласы қызметкерлері «Өзенмұнайгазға» қарасты №1, 2, 3, 5 СҚКБ, ТТБ, БЖБ, ХжЭБ және АжТБ-да еңбек етеді. Мұндағы барша қызметкер саны – 3340 адамды құрайды.
Рөлде отырған мыңдаған жүргізушінің табанды еңбегі – өндірістің тоқтаусыз жүруіне, еңбек жағдайының жақсаруына және ел ырысының артуына тікелей ықпал етіп отыр.
Осы жауапты салада адал тер төгіп жүрген барша әріптеске шексіз алғыс білдіреміз.
Жолыңыз ашық, табысыңыз берекелі болсын!
Мереке құтты болсын!