Рус

Жаңалықтар

Құрылысшылардың кәсіби мерекесі

Құрылысшылардың кәсіби мерекесінде Күрделі құрылыс департаменті қызметкерлерінің тынымсыз еңбегін ерекше атап өткіміз келеді.

Бұл департамент – өндірістік, әлеуметтік нысандарды салу, жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу секілді маңызды іс-шараларды ұйымдастырып, жүзеге асырады. Құрылысқа бөлінген қаржыны үйлестіріп, жұмыс барысын қадағалайды.

Бүгінгі күні департаментте еңбек етіп жүрген 20-ға жуық адам құрылыстың сапалы әрі уақытылы аяқталуына зор үлес қосып отыр. Олар осы салада зор тәжірибесі бар білікті мамандар. Сонымен қатар компанияға қарасты басқармаларда да құрылысты қадағалаушы инженерлер еңбек етеді.

Мереке құтты болсын!

Әрқайсыңыздың қажырлы еңбегіңіз арқасында компанияның әлеуеті артып, жаңа ғимараттар бой көтеріп, еңбек жағдайы жақсарып отыр.

Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, берекелі еңбек тілейміз!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы