Рус

Жаңалықтар

Компания арқаншылары күміс жүлдегер

1000-нан аса қатысушы бақ сынаған «Самұрық-Қазына» Х Спартакиадасында компания арқаншылары күміс жүлдегер атанды.

Тартысты өткен бәсекеде «ҚазМұнайГаз» құрамасы қатарында өнер көрсеткен әріптестеріміз намысты қолдан бермеуге тырысып бақты.

Күш пен ауызбіршіліктің, ұжымдық рухтың нәтижесінде қарсыластарынан басым түсіп, финалға жетті. Ақтық сында «QazaqGaz» командасына 2:1 есебімен есе жіберді.

Бәрекелді жігіттер! Жеңісті күндер көп болсын! Әрқайсыңызды мақтан етеміз!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы