Құрметті Ақбөбек Бауыржанқызы!
Студенттердің тәжірибеден өтуі Компанияда жақсы жолға қойылған. Сіз осы мәселе бойынша кадр қызметкерлеріне телефон шала отырып, (телефоны: 8(72934) 63284) тиісті ақпаратпен қаныға аласыз.
Құрметпен, Мақсат Ибағаров
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Ғани Утебаев!
"Өзенмұнайгаз" АҚ-ы көп жылдардан бері бұрғылау жұмыстары бойынша "Бұрғылау" ЖШС-імен бірлікте жұмыс істеп келеді. Сол себепті, Компанияда бұрғышы мамандығы бойынша бос ваканттық орындардың жоқ екендігін қаперіңізге береді.
Құрметпен, Мақсат Ибағаров
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Мұхан Оралбек!
Жұмысқа орналасу мәселесі - қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Сіз бұл туралы ақпаратты Персоналды басқару және дамыту департаменті мамандарына хабарласа отырып, толыққанды мағлұмат ала аласыз.
Құрметпен, Мақсат Ибағаров
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Қайрат Мектепбайұлы!
Сұрағыңызға байланысты жауапты жеке поштаңызға жолдадық. Өйткені, жауап мәтіні ұзақ болғандықтан блог беті көтере алмады. Сұрағыңыз үшін үлкен рахмет!
Құрметпен, Мақсат Ибағаров
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Серік Бейсен!
Cіз бұл мәселе бойынша Персоналды басқару және дамыту департаменті мамандарына соғып, нақты жауап ала аласыз! Телефон: 8(72934) 63 3 84
Құрметпен, Мақсат Ибағаров
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Ғазиза Батырбекқызы!
Жұмысқа маман қабылдау мәселесі бойынша, менің осы бағыт бойынша көмекшілерім - Персоналды басқару және дамыту департаментінің қызметкерлерінен толыққанды жауап ала аласыз. Байланыс телефондары: 63 385, 63284, 63385.
Құрметпен, Мақсат Ибағаров,
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Тоқтарбай Шотанұлы!
Ел игілігі жолындағы жақсы бастамаңызға қашанда қуанамыз. "Өзенмұнайгаз" АҚ-ы әрдәйім Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді. Өзіңіз көздеген аталған ақпараттық-танымдық газетті ашқаннан кейін, Сізбен ынтымақтаса жұмыс істеуге дайынбыз. Ой-пікіріңізбен бөлісу үшін Компаниядағы осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіріп отырған Жұртшылықпен байланыс департаменті директоры Сүйебай Әділ Қосайұлымен кездесіп, әрі қарай талқылай аласыз.
Құрметпен, Мақсат Ибағаров,
Бас директор
Құрметті Азамат Аманбаев!
Материалдық көмек көрсету туралы Компанияның арнайы ережесі бар. Көтеріп отырған мәселеңіз бойынша Әлеуметтік саясат департаменті мамандары заң шеңберінде жауап береді. Байланысып, мән-жайға қанық болыңыз. Телефондары 63366
Құрметпен, Мақсат Ибағаров
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Дана Айтқалиқызы!
Жұмысқа маман қабылдау мәселесімен Персоналды басқару және дамыту департаментіне хабарласуға болады. Байланыс телефондары: 63385, 63284.
Құрметпен, Мақсат Ибағаров
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Нұрлан Заводұлы!
Жұмысқа қабылдау мәселесімен Персоналды басқару және дамыту департаментінің директоры М.Себасовтың қабылдауына кіріп, мән-жайға қаныға аласыз.
Құрметпен, Мақсат Ибағаров
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры