Құрметті Жанар Тайманқызы!
Жұмыс мәселесіне байланысты Персоналды басқару және дамыту департаменті директоры М.Себасовқа жұмыс күндері қабылдауына кіріп, сөйлесе аласыз.
Құрметпен, Мақсат Ибағаров
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Берік Өтегенұлы!
Маған түскен хаттардың басым бөлігі жұмыс мәселесіне байланысты. Бұл ең бір қиын мәселені бірі қаламыздағы. Жұмысқа маман қабылдауға байланысты ақпаратты Персоналды басқару және дамыту департаментіне хабарласып, жауап ала аласыз!
Құрметпен, Мақсат Ибағаров
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті әріптестер!
Компанияның гүлденгені - елдің гүлденгені. Мен өмір бойы өзім еңбек жолын бастаған "Өзенмұнайгаздың" көркеюі жолында жұмыс істеп келемін. Ал қандайда бір жетістікке жетсек, оны еңбек ұжымының ортақ жеңісі деп білемін. Лебіздеріңізге рахмет!
Құрметпен, Мақсат Ибағаров
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Нұрасыл Қанат!
Мен еңбек жолымды осы Компанияда бастадым. Қай жерде жүрсем де осы Компанияның жарқын болашағы жолында еңбек етіп келемін. Ал Компания жұмысында қандай да бір жақсы өзгерістер болса, оны - ұжымның жеткен жетістігі деп есептеймін. Лебізіңізге рахмет!
Құрметпен, Мақсат Ибағаров
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Марина Сатубалдыевна!
Жұмыс мәселесі - қаламыздағы ең өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңда Компаниядағы жұмысқа маман қабылдау мәселесі бойынша Персоналды басқару және дамыту департаментінен жауап ала аласыз!
Құрметпен, Мақсат Ибағаров
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Здравствуйте Марина Алексеевна!
Согласно внутренним нормативным документам компании на имя генерального директора АО "Озенмунайгаз" от имени ректора учебного заведения за месяц до начала практики должно поступить письмо о просьбе принять студента на практику. Дополнительная информация по телефону: 8(72934) 63 384, Менлигул
С уважением, Максат Ибагаров
Генеральный директор АО "Озенмунайгаз"
Құрметті Ляйла Мансуровна!
"Өзенмұнайгаз" АҚ - Жаңаөзен қаласындағы жалғыз қалақұраушы кәсіпорын ретінде қаладағы заңды тұлғаларға да, жеке тұлғаларға да осы уақытқа дейін мүмкіндігінше көмектесіп келеді. Бірақ, маман алуда да, материалдық көмек беруде де осы жұмысты реттейтін ережелер мен талаптар бар. Заңды белінен басып жұмыс істеуге болмайды. Сондықтан, әрбір істі оның игілікті іс екені белгілі бола тұра, заңнан аттап жүзеге асыруға құқымыз жоқ. Компанияға келген әрбір арыз-шағымды жіті қараймын. Өйткені, әр мәселенің астарында азаматтардың тағдыры тұрғанын жақсы түсінемін. Сол себепті, мейілінше көмектесуге тырысамын. Сіздің мәселеңіз бойынша мүмкіндіктердің барлығын қарастырдық. Маман алуға қатысты айтар болсам, Компанияның штаты толық. Материалдық көмек беруге ешқандай заңдық негіз болмады.
Құрметпен, Мақсат Ибағаров
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті әріптестер!
Өзен кенорны - еліміздегі ірі кенорынның бірі. Біздің Компанияға мемлекетіміз бен өңір халқының артып отырған үміті мен жауапкершілігі айырықша. Сол себепті, барлық тәжірибем мен білімімді өзім еңбек жолымды бастаған "Өзенмұнайгаздың" дамуына арнап келемін. Ал осы жұмыстың нәтижесі көрініп жатса, бұл - барлық әріптестерімнің ортақ жеңісі деп білемін. Лебіздеріңізге рахмет!
Құрметпен, Мақсат Ибағаров
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Қарлығаш Татимкулова!
Жұмысқа алу мәселесі - қазір ең өзекті мәселелердің бірі. Біз Компанияға қажетті маманды "Жұмысқа маман қабылдау" туралы ережесінің шеңберінде ғана қабылдай аламыз. Ереже туралы Сіз Персоналды басқару және дамыту департаменті мамандарына хабарласып, мағлұмат ала аласыз.
Құрметпен, Мақсат Ибағаров
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Алма Есқабылова!
Кадр мәселесіне байланысты Персоналды басқару және дамыту департаментіне хабарласып, тиісті ақпарат ала аласыз. Телефондары: 63385,63369,63284.
Құрметпен, Мақсат Ибағаров, "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры