Рус

Жаңалықтар

Амал келді- Жыл келді

Қадірлі мұнайшылар!

Табиғат ананың оянып, көктемнің жылы шуағын сезінетін шұғылалы күн Амал мерекесі құтты болсын.

Бұл күнді бабаларымыз «Самарқанның көк тасы еріген күн» деп бекер атамаса керек-ті.

Амалда ақжаулықты әжелеріміз кебеже түбінде сақтаған ұзынсары сүрлерін асып, бар тәтті-жұмсағымен дастарханды жайнатып, ырыс-несібенің мол болуын тілейді.

Пендеге тән тіршіліктегі келіспеушілік, өкпе-ренішті өшіріп, жүректі жібітіп, көңілді тазартып, бір-бірімізге кешіріммен қарайтын уақыт деп білемін.

Көшпелі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде де қыстан аман шығып, көптен көрмеген жандардың жүздесіп, қуанатын сағыныш айы.

Жасы кішілер ауылдың үлкендеріне барып амандасып, көрісу салты – нағыз құрмет пен көргендіктің белгісі.

Амал мерекесі берекесімен, жақсылығымен келіп, әр шаңыраққа нұр боп құйылсын! Ақ мол болсын, уайым-қайғы жоқ болсын!

Құрметпен, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Нұрдәулет Қилыбай

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы