Рус

Жаңалықтар

Трактор үстіндегі 40 жыл

Бүкіл саналы ғұмырын Өзен кен орнының дамуына арнаған ардагер мұнайшы Жауымбай Бажиков 1939 жылдың 25 қарашасында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1964 жылдың 25 сәуірінде Рахмет Өтесінов басшылық еткен «Узеннефть» мұнай-газ өндіру мекемесінен бастаған. Кейін №1 кәсіпшілікте 6 жыл жемісті еңбек етіп, Технологиялық транспорт басқармасына ауысқан.

1970-1975 жылдары экскаватор машинисі болған тәжірибелі маманды гараждың бастығы Қойлыбай Тұрақбаев шақырып, жапондық KOMATSU супер-ауыр бульдозеріне отырғызады.

Жаңа техниканың тілін білу үшін Жауымбайды Мәскеу, Тюмень қалаларына жіберіп, екі жарым ай дайындық курсынан өткізеді.

Өмір бақи темір тұлпарды тізгіндеп өткен ардақты мұнайшы 2002 жылы №3 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасынан құрметті демалысқа шыққан.

Майталман мұнайшы 1970 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Ерен еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен марапатталып, 1974 жылы Миннефтепром және «Нефтехимгазпрофсоюз» Орталық Комитетінің 1973 жылғы социалистік жарысының жеңімпазы атанды.

1976 жылы Мұнай өнеркәсібі министрлігі мен Мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіподағы Орталық комитетінің «Тоғызыншы бесжылдықтың бұрғылаушысы» белгісімен, 1981 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы жарлығының «Еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Бүгінде әрбір өзенмұнайгаздық Жауымбай Бажиков сияқты алғашқы кен орнын игеруші ардагер мұнайшыларға шексіз алғысын білдіріп, тағзым етеді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы