Рус

Жаңалықтар

Жайдарман мәресіне жетті

14 желтоқсан, 2017

Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы басқармаларының арасында жас мұнайшылардың басын біріктірген «Жайдарман» ойнының финалдық кезеңі өтті.

Жайдарманшылар лигасы «ҚМГ» ҰК» АҚ-ына қарасты кәсіпорындарда «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамында ғана бар екенін ескере кету керек.
Осыған дейін іріктеуден өткен 7 команда «Сәлемдесу», «Жамбы ату» , «Үй тапсырмасы» бөлімдері бойынша өзара сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды №1 Мұнай газ өндіру басқармасы, 2-орынды №3 Мұнай газ өндіру басқармасы, 3-орынды «ӨзенЭнергоМұнай» басқармасы еншіледі.
Ал №3 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасы кәсіпкер Тимур Мұсаевтың, Автоматтандыру және телекоммуникация басқармасы «Өзенмұнайгаз» АҚ кәсіподақ комитетінің арнайы жүлдесіне ие болды.

Жас мамандар кеңесі ұйымдастырған шарада жыл бойы жастарға қолдау білдіріп, ұйымға қамқорлық көрсетіп келе жатырған «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаровты, «Өзенмұнайгаз» АҚ Кәсіподақ комитетінің төрағасы Наурыз Сақтағановты Жас мамандар кеңесінің төрағасы Бауыржан Бәйімбетов алғыс хатпен марапаттады.

Жыл бойы «Жайдарман» ойындарына қатысқан жастарға, қолдау білдірген басқарма директорларына, кәсіподақ төрағаларына үлкен алғысымызды білдіреміз!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы